Негізгі Жаңалықтар Мал шаруашылығын дамытуға жаңа мүмкіндіктер берілді

Мал шаруашылығын дамытуға жаңа мүмкіндіктер берілді

Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру басталды. «Игілік» және «Береке» бағдарламалары аясында өңір шаруаларына 15 млрд теңгеден астам жеңілдетілген қаржы қарастырылған.

Қазірдің өзінде жалпы құны шамамен 6,7 млрд теңгені құрайтын 8 жоба қалыптастырылды. Жобалар аясында етті және сүтті бағыттағы 3 555 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу көзделген. Жобаларды іске асыру мал басын көбейтуге, ет пен сүт өндірісін арттыруға, өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын нығайтуға және ауылдық жерлерде қосымша экономикалық белсенділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жобаларды іріктеу кезінде шаруашылықтардың қаржылық тұрақтылығы, жем-шөп базасының, қора-жайлардың, жайылымдар мен шабындықтардың болуы ескеріледі. Негізгі мақсат — мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижеге бағытталуы: өндіріс көлемін арттыру, қайта өңдеуді дамыту және ауыл экономикасын нығайту.

Бөлісу