Негізгі Жаңалықтар Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев келді

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев келді

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев келді. Министр облыс орталығындағы бірқатар маңызды нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар барысында аймақтың әлеуметтік саясаты мен қоныс аударушылар мен қандастарға жасалып жатқан жағдайларға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, еңбек шарттарының орындалу барысымен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты.

Өңірдегі жұмыс сапары кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев облыс орталығындағы «Alageum Electric» зауытының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, министр кәсіпорынды аралап, мұнда еңбек етіп жатқан қоныс аударушылармен және қандастармен жүздесті. Айта кетейік, зауытта бүгінгі таңда 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Оның 50 пайызын қоныс аударушылар мен қандастар құрайды. 

СНХ: МАҒЖАН ӘМІРБЕК, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ

Келесі нысан - мансап орталығына болды. Министр бұл жерде адамдарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен танысып, келушілермен тілдесті. 

СНХ: АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Айта кетейік, Петропавл қаласында қандастарды уақытша орналастыруға арналған қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтылған арнайы жатын орындар қарастырылған. Бұл бейімдеу орталығы бір мезгілде 10 адамға дейін қабылдап, қолайлы жағдай жасауға толық мүмкіндік береді.

СНХ: АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Жыл басынан бері еңбек күші артық өңірлерден барлығы 690 отбасы қоныс аударып, бұл бағыттағы жылдық жоспар 99,93 пайызға орындалды. Сонымен қатар, Қытай, Ресей және Өзбекстан елдерінен барлығы 48 отбасы қандас көшіп келген. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар