Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауы - 2026: сарапшылар сайлауалды науқанды талқылады

Құрылтай сайлауы - 2026: сарапшылар сайлауалды науқанды талқылады

Алматыда «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» тақырыбында сараптамалық алаң өтті. Жиынға өңірлерден сарапшылар онлайн форматта қатысып, Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы науқанның негізгі үрдістерін талқылады. Кездесуде партиялардың сайлауалды жұмысы, азаматтардың электоралдық белсенділігі және социологиялық зерттеулердің нәтижелері сөз болды.

Биылғы сайлауалды науқанға жеті саяси партия қатысып отыр. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі кезеңде сайлаушы үшін партияның тек бағдарламасы ғана емес, нақты бастамалары мен халықпен байланысы да маңызды. Зерттеулерге сәйкес, қазақстандықтардың 70,3-тен 75,6 пайызына дейінгі бөлігі сайлауға қатысуға дайын екенін білдірген. Ал азаматтардың партия таңдауына ең көп әсер ететін факторлардың бірі партия бастамаларына оң баға беру. Бұл көрсеткіш 44,4 пайызды құраған. Еске салайық, Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді. Сайлауалды науқан барысында партиялар өңірлерде сайлаушылармен кездесулер өткізіп, өз бағдарламаларын таныстыруда.

Снх: СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бөлісу