Ғасырлық тарихы бар ауылдың бүгіні
Мамлют ауданына қарасты Афонькино ауылы биыл ғасырлық белесін бағындырды. 1926 жылы негізі қаланған елді мекен бүгінде жаңарып, көркейіп келеді. Ауылда соңғы жылдары бірқатар өзгеріс орын алып, тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Афонькиноның тарихы ұқыпты сақталып, кейінгі ұрпаққа жеткізіліп келеді. Ауылдағы мұражайда алғашқы қоныстанушылар, ауылдың қалыптасуы және әр жылдардағы тұрғындардың өмірі туралы тарихи материалдар жинақталған.
ГАЛИНА МИРОНОВА, ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Онжылдықтар бойы Афонькино тұрғындары ауыл шаруашылығымен айналысып, елді мекенді абаттандырып, әлеуметтік нысандарды дамытуға үлес қосты. Ауыл талай кезеңді, соның ішінде қиын-қыстау 1990 жылдарды да бастан өткерді. Соған қарамастан, Афонькино өз мектебін сақтап, дамуын жалғастырды. Уақыт өте келе ауылда заманауи инженерлік желілер тартылып, қажетті әлеуметтік нысандар бой көтерді.
ЖАННА БЕКЕНОВА, АФОНЬКИНО ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Кез келген ауылдың басты байлығы — оның адамдары. Тамара Иванова көп жылдан бері Афонькинода тұрады. Осында отбасын құрып, өз шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Көкөніс, жеміс-жидек пен гүл өсіреді. Сондықтан оның ауласы ауылдағы ең үздіктердің бірі деп танылған.
ТАМАРА ИВАНОВА, АФОНЬКИНО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Соңғы жылдары Афонькино ауылында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Ауылға су құбыры тартылып, көшелер жарықтандырылды. Жолдарды жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Мұнда мектеп, медициналық нысан, мәдениет үйі жұмыс істейді. Интернет желісі де қолжетімді. Бүгінде Афонькино өз дәстүрін сақтап, дамып келеді. Жүз жыл ішінде ауылда көп өзгеріс болды. Дегенмен елді мекеннің көркеюіне үлес қосып жүрген еңбекқор тұрғындардың рөлі өзгерген жоқ.