Климаттық ерекшеліктерге төзімді өнім өндіру
Айыртау ауданында «Танап күні» шеңберінде "Солтүстік Қазақстан жағдайында ауылшаруашылығы дақылдарының перспективалы сорттары мен будандарын және өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың заманауи технологияларын таныстыру" атты семинар ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік комиссиясының өкілдері, аталмыш ведомстваның Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Павлодар облысындағы филиал мамандары мен өңіріміздегі бірқатар аудандардың ауылшаруашылығы бөлімдері қызметкерлері, жергілікті агроқұрылым басшылары қатысты.
Ауыл шарушылығы саласын әртараптардыруға бағытталған бұл жолғы жиын Айыртау мемлекеттік сорт учаскесі базасында ұйымдастырылды. 1938 жылы құрылған сынама учаскеде қазіргі күні бидайдың жұмсақ-қатты сорттарының 155, рапстың 60, жүгерінің 54, арпаның 22 түрі, одан бөлек соя, зығыр, чичивица, бұршақ пен күнбағыстың сан алуан түрлері өсіріледі.
СНХ: ЕРКІН ЖАПАРОВ - АЙЫРТАУ КЕШЕНДІ СОРТ УЧАСКЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жиын мақсаты теріскейдің климаттық жағдайына сәйкес келетін әрі, мол өнім беретін жаңа сорттар мен будандарды таныстыру. Сонымен қатар, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың озық технологиялары мен әдістері жөнінде терең талқылаулар жүргізу.
СНХ: НҰРҒАЛИ ҚАДРИНОВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТАРЫН СЫНАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сорт учаскеде көрсетілген жаңа будандар мен сорттар, сондай-ақ оларды түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғаудың инновациялық әдістері, агробизнес өкілдеріне өз жұмыстарын одан әрі жетілдіруге, өндірістік процестерді оңтайландыруға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға айтарлықтай мүмкіндіктер ұсынды.
СНХ: ЕРМЕК МҰСТАФИН - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТАРЫН СЫНАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ
Солтүстік Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне сәйкес келетін, суыққа төзімді, әрі жоғары өнімді дақылдардың жаңа сорттарын игеру, аймақтағы егіншіліктің тиімділігін арттыруға жол ашады. Бұл өз кезегінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін ұлғайтып, экспорттық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.