Полицейлер, педагогтар, нарколог-дәрігерлер жоғар сынып оқушыларына нашақорлықтың алдын алуға арналған қауіпсіздік сабақтарын өткізіп жатыр. Бұл жолы мамандар №7-ші орта мектепте болды. Жиынға 60 тан астам бала қатысты. 

Сабақ барасында дәрігер синтетикалық есірткі заттарын қолданудың ауыр зардаптары туралы айтып берді. Есірткіге еліткен жан адам кейпінен айрылады. Оның денсаулыққа зияны өлшеусіз. Өкінішке орай, синтетикалық есірткіні бүгінде жасөспірімдер де қолданатын болған. 

АЛЕНА МОЖАРОВА, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ:
 – Өз тәжірибемізде біз синтетикалық есірткіні қолданатын жасөспірімдерді жиі кездестіреміз, өкінішке орай оларды емдеу процесі ұзақ уақытты қажет етеді. Әрі емделу де  қымбатқа түседі.

 Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі саудагерлерінің қауіпті затты Telegram мессенджері, OLX, тегін хабарландырулар сайттары арқылы қалай тартататындары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, тұз, спайс, «кладмен», «минер», «кепілгер» – оқушылардың теориялық білімдерін бекіту үшін жедел уәкілдер есірткі сатушыларды ұстау бойынша сахналық көрініс көрсетті. Оған полиция қызметкерлерімен бірге қалалық Өнер колледжінің студенттері – болашақ актерлері қатысты.

 ПОЛИНА ЧУРЯК, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
 - Бүгін біздің мектепте өте өзекті тақырыптардың бірі  көтерілді, мамандардың дәрісі өте қызықты болды. Ескірткі сатудың зардаптарын көрініс арқылы жақсы жеткізді, осыдан оның арты неге апарап соқтыртатынын түсінуге болады.

 Балалар кездесуде қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысын көрді. Лабрадор Белла есірткіге ұқсас заты бар пакетті табу дағдыларын көрсетті. Кездесу соңында оқушылар полицейлермен бірге танымал TikTok платформасы үшін қысқа, бірақ әсерлі бейнеролик түсірді. Осылайша балалар "бақытты өмірде - есірткіге орын жоқ"ұранымен челленджді жалғастыра отырып, әлеуметтік желілерде пост жариялады.

БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
- Соңында оқушылармен бірлесіп, ТикТок түсірдік, жастар арасында челлендж өткіздік. Бұны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ресми аккаунтанын көре аласыздар.

 Айта кетейік,жыл басынан бері тәртіп сақшылары 300-ден астам дәріс, семинар, ата-аналар жиналысын,сондай-ақ спорттық іс-шаралар, флэш-мобтар өткізді. Заңсыз айналымнан 383 кг астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 кг астам синтетикалық есірткі тәркіленді.