Петропавл қаласында 2025 жылғы шақырылымның әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын 6637 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздарын ынталандыруға арналды. Бір жылдық қызметін аяқтап, запасқа шыққан сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу шарасы әскери бөлімдерде тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Еліміздің әр өңірінен келген 150 сарбаз әскери қызметін абыроймен атқарып шықты. Бір жыл ішінде олардың әрқайсысы өздерін жақсы қырынан көрсетіп, Отан алдындағы борышын лайықты өтеді. Ерекше көзге түскендері түрлі марапаттарға ие болды.
БЕКЖАН БЕКТҰРҒАНОВ - 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Сондай-ақ, 6 әскери қызметші «Сарбаз 2.0» бағдарламасы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім алуға жолдама беретін сертификаттарға ие болды. Әскери қызметін абыроймен атқарғандардың қатарында Алматы облысынан шақырылған Айбын Маратұлы да бар.
АЙБЫН МАРАТҰЛЫ / ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ
Санаулы күндерден кейін сарбаздар үйлеріне оралады, онда оларды туған-туыстары мен жақындары мақтанышпен күтіп алады.