Шал ақын ауданындағы «Алтын Астық КЗ» ЖШС-нің егіс алқабы шамамен 7 мың гектарды құрайды. Биылғы көктемгі егіс науқаны 28 мамыр күні толық аяқталды. Шаруашылықта 5 мың гектарға жуық жерге дәнді дақылдар, 1,5 мың гектарға майлы дақылдар, 1 мың гектарға бұршақ тұқымдас дақылдар себілді. Сонымен қатар мал азықтық дақылдарға да арнайы алқаптар бөлінген.

Қазір шаруашылықта егістіктерді химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алқаптар арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы өңделіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған химиялық өңдеудің шамамен 35-40 пайызы орындалған. Мамандардың айтуынша, алдағы жұмыс қарқыны ауа райы жағдайына байланысты болмақ. Қолайлы күндері өңдеу жұмыстары осы қарқынмен жалғасады.

БОЛАТ ҚАЛИЕВ, «АЛТЫН АСТЫҚ KZ» ЖШС НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ