Көзіңізді жұмсаңыз болғаны – түс пен өңнің арасындағы шекара ғайып болады. Сәбит Мұқанов атындағы театр сахнасында көрерменге жол тартқан «TYC» атты жаңа қойылым жұртшылықты дәл осындай жұмбақ саяхатқа шақырады. Уильям Шекспирдің «Жазғы түндегі түс» туындысының желісімен сахналанған бұл спектакль философияны, классиканың заманауи бағытын және режиссердің өзгеше қолтаңбасын біріктірген.
Премьера алдында өткен баспасөз мәслихаты көрерменді қойылымның тылсым әлеміне жетелеген алғашқы қадам болды. Шығармашылық топ дайындық барысындағы ізденістері мен сахнадағы ерекше атмосфераны қалай қалыптастырғандарын жасырмай бөлісті. Қоюшы режиссер Сардар Тагировскийдің айтуынша, «TYC» – бұл жай ғана белгілі пьесаны қайталау емес, театр тілімен махаббат, асқақ арман мен адам жанының тереңдігі туралы сыр шерту. Сондай-ақ, режиссер дайындық кезіндегі қызық пен қиындықтарды да тілге тиек етті.
СНХ: САРДАР ТАГИРОВСКИЙ – РЕЖИССЕР
Бұл жерде актерлер жай ғана сөз жаттап шыққан жоқ, олар өз кейіпкерінің өмірін сүрді. Сахнада ішкі сезімдер мен толғаныстарды шынайы көрсету үшін үлкен еңбек сіңірді. Осылайша, өмір мен түс әлемінің арасындағы нәзік шекараны аша алды.
СНХ: АИДА СЫПАТАЕВА – АКТРИСА
Түс пен өң астасып, сезімдер басты тілге айналатын бұл ғажайып әлем көрермендер үшін 17, 18 және 19 маусым күндері көрсетілмек.