Терезе алды балалар ойнайтын орын емес. Петропавлда полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды. 

15 маусым күні сағат 21:00 шамасында Полиция департаментінің процессинг орталығының қызметкері Ержан Тамышев жұмыстан үйіне келе жатқан. Жол бойында ол Жамбыл көшесіндегі үйдің бесінші қабатындағы ашық тұрған терезе алдында ойнап отырған екі кішкентай баланы байқайды.

СНХР: ЕРЖАН ТАМЫШЕВ — СҚО ПД ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ 

Полиция подполковнигі Тамышев досына «102» арнасына қоңырау шалып, балалардың назарын басқа жаққа аударуды өтінеді, өзі көпқабатты үйдің кіреберісіне қарай асықты. Ол домофонға хабарласуға әрекеттенді. 

Балалар үйде қамалып қалған болуы мүмкін деген қауіп болды. Ержан тіпті шатырға шығып, терезеге жоғарыдан түсу жолдарын ойластырған еді. Алайда пәтерде ересек адам болған. Ол есікті Ержанға және жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне ашты.

СНХР: ЕРЖАН ТАМЫШЕВ — СҚО ПД ПРОЦЕССИНГТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ

Тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерде Жезқазған қаласынан келген екі азаматтың уақытша тұрып жатқанын анықтады. Әкесі ұйықтап жатқан, ал анасы дүкенде болған. Екеуі де алкогольдік масаң күйде болған. Бұған дейін олар бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ашық терезе алдында қараусыз қалған 3 жасар ұл мен 4 жасар қыз бала қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша отбасынан алынды. Қорғаншылық органдары балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

СНХР: ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН — СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Тәртіп сақшылары ата-аналарға терезе алды балалар ойнайтын орын емес екенін еске салады. Балалардың қауіпсіздігіне мұқият болыңыздар, қажет болған жағдайда полицияға хабарласыңыздар. Уақтылы жасалған хабарлама қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін.