Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Кездесу барысында Агенттік төрағасы Президентке «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлықтың орындалуы жайлы есеп берді. Оның айтуынша, 2026–2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жоспары бекітілген. Бүгінде бәсекелестік ортаға шығарылатын активтердің жалпы кірісі 3,4 трлн теңгеге жуық. Сондай-ақ кәсіпкерлердің нарыққа шығуына кедергі келтіретін мәселелерді жою, делдалдарды қысқарту және монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жұмыстары айтылды. Кездесу соңында Президент Агенттік төрағасына бірқатар тапсырма жүктеді.