Медицина қызметкері күні қарсаңында Петропавлда денсаулық сақтау саласы өкілдері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтуде. «Жастар» стадионында өңірдің түкпір-түкпірінен келген ондаған команда бас қосып, әділ бәсекеде мықтыларды анықтап қана қоймай, денсаулыққа қамқорлық әр адамның өзінен басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеуге жиналды.
Биылғы спартакиадаға Солтүстік Қазақстан облысындағы медициналық ұйымдардың 30-ға жуық командасы қатысуда. Екі күнге созылатын жарыс бағдарламасына жеңіл атлетика, эстафета, гимнастика, турникке тартылу және арқан тарту секілді бірнеше спорт түрі енгізілген. Алғашқы күн волейбол кездесулеріне арналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спорттық мереке өңірдің медицина қауымдастығын біріктіретін игі дәстүрге айналып, жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
СНХР: НҰРСҰЛТАН САРЖАНОВ – СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жарысқа қатысушылар спартакиадаға алдын ала тыңғылықты дайындалған. Олар мұнда тек жеңіс үшін ғана емес, әріптестерімен жүздесіп, командалық рухты нығайту және жағымды әсер алу үшін келгендерін айтады. Бәсекелестік жоғары болғанымен, спартакиаданың басты қағидаты – өзара қолдау мен қарсыласқа құрмет көрсету.
СНХР: МАРАТ ӘБІЛМӘЖІНОВ – «ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ КМК БАС МАМАНЫ
Әрине, арнайы дайындық жүргізілген жоқ. Себебі біздің негізгі жұмысымыз – емдеу процесі. Дегенмен жарыстың ережелері көрсетілген шақырту мен регламентті алғаннан кейін медицина қызметкерлерінің барлығы бұл спартакиадаға қатысуға үлкен ықылас білдірді».
СНХР: АҚЖОЛ ЖҮРАҒАТ – АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ
Жыл сайынғы спартакиада жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға да ықпал етеді. Ал қатысушылар үшін бұл – өңір тұрғындарының денсаулығын қорғау жолында еңбек етіп жүрген үлкен әрі ұйымшыл ұжымның бір бөлшегі екенін сезінуге мүмкіндік беретін маңызды шара.