Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты. Жылына екі рет жүзеге асатын дәстүрлі толықтыру аясында бұл жолы кітапханаға 300 дана жаңа басылым жеткізілді. Жаңа кітаптар оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға және қорды байытуға бағытталған.
Кітапханаға жаңа кітаптардың түсуі оқырмандарға заманауи басылымдармен, ғылыми-көпшілік әдебиеттердің жаңа үлгілерімен және өзекті шығармалармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл оқырман сұранысын қанағаттандырып, кітап қорының мазмұнын байыта түседі.
ГҮЛНҰР БЕКІШ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Кітап көрмесінің басты мақсаты – оқырмандардың қызығушылығын арттырып, олардың таным көкжиегін кеңейту. Кітапханаға келген кішкентай оқырмандар жаңа кітаптармен танысып, өздеріне қызықты басылымдарды тамашалады.
Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық кітапханада 5 оқу залы жұмыс істейді. Кітап қоры 200 мыңнан астам дананы құрайды және түрлі бағыттағы әдебиеттерді қамтиды.