Петропавлда белгілі ұстаз, мәдениет қайраткері, өлкетанушы, тарихшы, қарымды қаламгер-журналист Қайролла Мұқановты еске алу іс-шарасы өтті.  Жиынның мақсаты шәкірт тәрбиелеу мен өлкетану ісіне үлкен үлес қосқан тұлғаның шығармашылық жолын дәріптеу. Тілшіміз тарқатады.

 Қайролла Мұқанұлы Тимириязев ауданы Ынтымақ ауылының тумасы. Ол  Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдап, еңбек жолын бұрынғы Октябрь ауданындағы Н.Хрущев кеңшарындағы орта мектепте бастаған. Биыл туғанына 90 жыл толған тарихшының дүниеден өткеніне 2 жыл болған.  

АЙНАГҮЛ СЕКРЕНОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТНЫДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

 Іс-шараға өлкетанушының жақындарынан бөлек, өңірдің зиялы қауым өкілдері де қатысты. Қайролла Мұқанұлының қызы Сара Қайроллақызының айтуынша бұл жиын әке еңбегінің еш кетпегенін дәлелдейді. 

САРА ҚАЙРОЛЛАҚЫЗЫ, Қ. МҰҚАНОВТЫҢ ҚЫЗЫ:

 Жиын соңында Қозыбаев атындағы СҚУ-дың жас ақындары тарихшының шығармашылық жолына арнап жазған өлеңдерін оқыды. Жиналғандардың пікірінше жерлесіміздің өзі өлгенімен, аты, өңір үшін атқарған  еңбегі өлмейді. Өлектанушы «Тоқсан би», «Қожаберген жырау», «Арманды ақын», «Жыр жұлдызы» секлді көптеген шығармаларды қалдырды.  Қайролла Мұқанов «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Академик Е.А.Бөкетов атындағы медаль мен сыйлықтың иегерi.