ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқарудан үміткерлерге қойылатын талаптар белгілі болды. Оған  18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар,  сондай-ақ бойы 180 см мен 195 см аралығындағы үміткерлер алынады. Сонымен қатар үміткерлердің білімі мен спорттық дәрежелеріне ерекше басымдылық беріледі.

Бұл ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзірет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері қатарында қызмет етудің өзіндік артықшылықтары бар. Әскери қызметкер еңбек жолын келісімшарт бойынша жалғастыруға мүмкіндік ала алады. Айрықша мақсаттағы күштері қатарында мерзімді әскери қызмет атқару туралы ақпарат алу үшін,тұрғылықты жердегі қорғаныс істері бойынша департаментіне,хабарласып білуге болады.