Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан қоғам қайраткері, талантты басшы Ніл Болатбаевтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Петропавлда арнайы іс-шара өтті.   Ніл Ағдамұлы Қарағанды облысының тумасы болғанымен, өмірінің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан өңірінде өтті. Облысымызда бой көтерген бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандар қоғам қайраткерінің бастамасымен салынған.  Әсіресе, қоғам қайраткері елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлген.

Осыдан бір ғасыр бұрын дүниеге келген қарағандылық Ніл Болатбаевты солтүстікқазақстандықтар жерлес деп біледі. Себебі Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек  ардагері, білікті басшы аққайыңдар өлксінің өркендеуіне аянбай тер төккен азамат. Оның еңбек жолы да, өмір жолы да жастарға үлгі боларлық. Еңбегі еленіп, қайраткер Ленин, Октябрь революциясы, 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. 

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 Жиынға біртуар азаматпен таныс, әріптес, замандас болған ел ағалары қатысты. Олар Ніл Болатбаевтың жұмыскерлігі, отансүйгіштіг мен адамгершілік қасиеттері жайында естеліктерімен бөлісті. Айтуларынша қоғам қайраткері үленді аға деп, кішіні іні деп сыйлай білген басшы болған.

АЛИК ДЯДИН, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:
- Мен оны осы жаққа жұмысқа ауыспай тұрып білген жоқпын. Келгесін екі-үш күннен кейін Ніл Ағдамұлы қалалық комсомоллың кабинетіне кіріп келіп, «Қалайсың жерлес?» деді.  Ол маған ақыл-кеңес айтып, басымды қатырған жоқ, жұмыста тек  сәттілік тіледі. 


Ніл Болатбаев 4 баланың әкесі болған. Жалғы қызы Гүлжан әкесі қанша жерден жұмысбасты болса  да, отбасына көп көңіл бөлетін, бала тәрбиесіне ерекше қарайтын еді дейді. 

ГҮЛЖАН БОЛАТБАЕВА, Н. БОЛАТБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ:
- Әкемнің өмірден өткеніне 26 жыл болды. Бірақ, қала, облыс, респбулика бойынша оның есімі де, еңбегі де ұмытылған жоқ. Ніл ағдамұлының ұрпағымыз дегеннен-ақ бізді жылы қарсы алады. Себебі оның өзі жұртқа жақын еді, адамгершілігі мол болды.  Ол іссапарға барған кезде басшылардың аты-жөнін ғана емес, қарапайым жұмысшылардың аттарын да біліп, есте сақтайтын. Сауыншы болсын, малшы болсын бәрімен емін-еркін сөйлесетін.

Зейнетке шыққасын да Ніл АҒдамұлы  еңбек етуін тоқтатқан жоқ. Ол ардагерлер кеңесіне төраға болды, Қонаев атындағы ақсақалдар кеңесі мен қорды басқарды. 2001 жылы «Васильев көшесі, 63» мекен-жайында қоғам қайраткеріне арнап мемориалдық тақта орнатылды. 6 жылдан кейін облыс орталығындағы көшелердің бірі Ніл Болатбаевтың есімімен аталды.