Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады. Әрине, мұндай жеңілдік бүлікті ұйымдастырушыларға, мемлекетін сатқандар мен билікті құлатуға тырысқандарға қатысты емес. «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.