Жастар жылы аясында мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен республикалық «Қазақстан жастар фест» челенджі бастау алған еді. Шара қызылжар өңірінеде жетті. Петропавлдықтар орталық алаңда спорттың түр-түрінен жарысып, бақ сынасты, әріптесім толықтырсын.
Елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқан джамппинг деп аталатын спорт түрін 13 жыл бұрын чехиялықтара ойлап тапқан екен. Атауы айтып тұрғандай джамппинг секіру деген мағынаны білдіреді. Барлық дене бұлшықеттеріне бағытталған жаттығулар арнайы шағын батутта орындалады. Ал, қаланың спорт сүйер қауымы джампингпен небәрі бір жыл айналысады.
ЮЛИЯ ШУБИНА, ДЖАМППИНГ БОЙЫНША НҰСҚАУШЫ:
- Джамппинг өте ерекше спорт түрі. Неге десеңіздер, бірінші кезекте жаттығулар өте көңілді өтеді. Осы спорт түрімен айналысуға келген адамдарға сүйкі әуендерін қосамыз. Сосын, түрлі жаттығуларды орындай отыра секіре бастаймыз. Осылайша, адамдар шаршағанын сезбейді. Керісінше, уақытымыз тиімді өтеді. Мұнымен барлық адамдарға айналысуға болады.
Сонымен қатар, спорттық шарада футбол, шахмат, армреслинг, теннис, гір спорт түрлері қалың жұртшылықтың назарына ұсынылды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандарының йтуынша, бүгінгі шара тұңғыш президент Н.Назарбаев жариялаған «жастар жылы» аясында өтті.
ВИКТОР БЕСТИК, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
- Жастар жылы аясында өткізіліп жатқан шара облыс орталығының спорт сүйер қауымы арасында бірден қолдау тапты. Бүгін қала тұрғындары мен спортшылар бірігіп жаттығулар жасайды. Түрлі спорт түрлерінде бақтарын сынап көреді. Спортпен айналысатын адамның денсаулығы да, рухы да мықты болады. Шараның мақсаты да осыда, жастарды спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру.
Күн райының салқындығына қарамастан спорттық шара жиналғандардың көңілдерінен шыға алды.
- Фестиваль өте қызықты өтіп жатыр. Мені стритбол деген спорт түрі қызықтырды. Бұрын сонды естіп көрмеппін.
- Өте қызықты өтіп жатыр. Басында балалар кеткісі келді. Жүргізуші бишілерді қолданып, барлығымызды билеткізді. Ұнады,биледік. Шахмат, арқан тарту, армреслинг өте қызықты болды.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар халықаралықаралық олимпиадаларда туымызды көкке көтеріп жүрген спортшылар жайлы викториналық сұрақтар қойды. Қала тұрғындары белсенді жауап беріп, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Жанбота СЕНТАЕВА