№17 Ұлттық өркендеу орта мектебінің «Бусидо» клубы жарыста Петропавлдықтардың намысын қорғай білді. Шакро Катамадзе бұл спорт түрімен 4 жылдан артық айналысып келеді. Жоғары дайындықпен, тынымсыз еңбектің арқасында ол екі бірдей алтын медальға қол жеткізді.
Енді Шакро Катамадзе қаңтар айында Алматы қаласында өтетін республикалық турнирде облыс намысын қорғайды. Жолдасымен бірге бұл сынға Костя Токарев та аттанбақ. Ол да өз кезегінде іріктеу кезеңінде бір алтын және бір күміс медальді қанжығалаған.
Жарысқа 6 команда, барлығы 70-ке тарта спортшы қатысты. Айта кеткен жөн Мейбукан годзю-рю карате-до жыл санап облыста қарқынды дамуда.
Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Корнеевка ауылындағы «Санкт-Лоренц» мектеп гимназиясының құрамасы жеңіп алды. Екінші орынға Чириковка орта мектебі тұрақтаса, үшінші орынды Заградовка орта мектебі қанағат тұтты. Жеңімпаздар дәстүрге сай кубок диплом және медальдармен марапатталды.
Тоқтар ҒАЛЫМ