Александр Нетесов 13 жаста. Каратэмен айналысып жүргеніне 6 жыл. Күнделікті үш сағаттық жаттығулардың нәтижесі жаман емес. Аталмыш турнирде спортшы қарсыласын небәрі 30 секундта тізе бүктіріп, жеңіске қол жеткізді.
Солтүстікқазақстандық спортшылардың техника-тактикалық дайындықтары жақсы деңгейде. Оны жерлестеріміз татамиде дәлелдей алды. «Бусидо» клубының каратешілері болса, бірнеше марапатқа қол жеткізіпті. Соның бірі – «Үздік техника үшін».
Петропавл қаласының біріншілігінде үшінші жалпыкомандалық орынды «Кунгфу» клубы қанжығаласа, «Сакура» екінші саптан көрінді. «Бусидо» клубы бірінші орынға ие болды. Бірнеше марапатқа ие болған команданы алда талай жарыстар күтіп тұр. Оның ішінде республикалық турнирлер де баршылық. Жерлестеріміз биік белестерді бағындырмақ ниетте.
Фариза ЖАЗИТОВА