Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және оны кәдеге жарату – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Полигондардағы қоқыс табиғатты ластап, су мен ауаны күннен күнге улауда. Дегенмен, өңірімізде тұрмыс қалдықтарын өңдейдін технологиялар қолға алынып жатыр.

Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастамас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр. Петропавлда мынадай сары түске боялған арнайы қоқыс жәшіктері орналастырылған. Жиналған қалдықтарды осы жерден «Радуга» ЖШС зауытына жеткізіледі. Мұнда  күн сайын 1,5 тоннағы жуық қоқыс әкелінеді. Тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеудің негізгі бағыттары бойынша – әйнек сынықтары, бөтелкелер, пластик өнімдері ретінде бөледі.  Қалдықтар пресстеліп, қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіледі.

АЗАТ ЖҰМАҒҰЛ, СЕРІКТЕСТІК МЕНЕДЖЕРІ:

- Тұрмыстық қалдықтарды іріктеп, арнайы қоқыс жәшіктеріне салуға, макулатура мен пластикалық бөтелкелерді арнайы орындарға өткізуге әлі де шаһар тұрғындары дайын емес. Дегенмен де, біз үлкен жұмыс атқарып, «жасыл экономикаға» өз үлесімізді қосудамыз. Ал осы қалддықтардан жасалған шаралар, шелектер, ыдыс-аяқтар тұрмыста кеңінен қолданылады.