«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы жалғасуда. Жыл сайын  2005 жылдан бастап жазғы уақытта қалалық және ауылдық елді мекендерді көгалдандыру мақсатында,  жастардың басын біріктіретін бағдарлама. Еңбек жасақтары  облыс орталығында ғана  емес,  ауылдық жерлерде де  жұмыс   істеуде.  

Айта кетсек, Кызылжар ауданының 900 адам халқы бар  Бугровое ауылдық округінде «Жасыл ел» бағдарламасы  бойынша 4 адам еңбек етеді. Жас шамалары 16- 28 аралығында. Барлығы жаз мезгілінде кіндік қаны тамған ауылдарына дем алуға келген студент жастар. Табиғат аясында  жұмыс істеп және ол үшін өтем ақы алу, жастар үшін жақсы  бастама.

ТАТЬЯНА БРИСЮК, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Әкімшіліктен «Жасыл ел» бағдарламасы бар екенін біліп, 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастадым. Бізді орманшылыққа жіберді. Мұнда жас қайыңдарды баптаймыз. Қосымша  төлем ақы сонымен қатар табиғатпен рухани байланыстамыз. Жұмыс істейміз әрі дем аламыз.