Жамбыл ауданында жұмыссыз азаматтар жаппай оқытылуда. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Преснов ауылының тұрғындары «Тұлпар» кәсіби-техникалық оқу орталығында жүргізуші куәлігін алу үшін және шаштараз кәсібін меңгерем деушілер үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Толығырық келесі материалымызда.

Кәсіби-техникалық оқу орталығы 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Сол жылдардан бері талай жас маман осы оқу ордасының куәлігін алып, жүргізуші атанды. Бүгін мұнда үлкен мереке - курсанттар оқу курсын аяқтау туралы сертификаттарын алды. Биылғы жылы орталықта жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 72 азамат қысқа  мерзімді курстан өтеді.

ҚАБДОЛХАМИТ БАЗАРБЕКОВ, «ТҰЛПАР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Біз барлық санат түрлері бойынша оқытамыз. Биыл кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ВС санаты  бойынша -2 адам, С – 11адам, СЕ бойынша – 8 адам, 10 трактор жүргізушісі және 12 шаштараз маманы білім алды.

Автомектепте көлік жүргізуді үйренем деушілер екі кезең бойынша шыңдалады: теориялық және практикалық дайындық. «Тұлпар» оқу орталығында барлық қажетті жағдай жасалған. Сапалы білімді жол қозғалысы ережесі сыныптары мен зертханалық – тәжірибелік кабинеттерде алуға болады. Мұнда барлығы заман талабына сай- жаттығу құрылғысы, интерактивті тақта, көлік жүргізіп үйретуге арналған автодром.

ЮРИЙ КОСИНОВ, «ТҰЛПАР» ЖШС ОҚЫТУШЫСЫ:

- «В» және «С»  санаты  бойынша   автомобиль  жүргізушісі   мамандығыа 3 ай оқытамыз. Шектеу жоқ. Күндізгі және кешкі оқыту түріне  барлық адам келіп білім ал а алады. Ұсынатын қызметіміз: теориялық дәрістер мен көлік жүргізу, сондай-ақ жол қауіпсіздік ережелері, қауіпсіздік, техникалық қызмет көрсету пәндерін оқытамыз.

Оқыту  орталығында  білім алғандардың бірі -Айнұр Күлібекова. Ол айтарлықтай қысқа мерзім ішінде     көлік тізгіндеудің  қыр-сырын меңгерген.

АЙНУРА КУЛЮБЕКОВА, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз мұнда 3 ай оқып,  шәкіртақы  алдым.  Оқытушыларымыздан, нұсқаушылардан  көптеген мәліметтер алып, көлік жүргізуді үйрендік. Бізге барлығы ұнады. Рахмет.

Сондай-ақ, мұнда бағдарлама аясында шаштараз кәсібін меңгерем деушілерге тегін оқу курсы ұйымдастырылып, 12 қыз келіншек мамандық иесі атанды. 

КСЕНИЯ ЕРЗАНОВИЧ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жұмыспен қамту орталығына алғысым шексіз. Жұмыссыз жүрген жандарға көмек қолын ұсынып, маман иесі атануға атсалысуда. Жаңадан алып жатқан білім маған үлкен жол ашты десем де болады. Үйретіп жатқан ұстазыма да мың алғыс.

Бүгін «Тұлпар» оқу орталығының қабырғасынан 72 курсант түлеп ұшты. Айтулы күн қарсаңында олар мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Арайлым ӘЛІБИҚЫЗЫ, Индира БАЙМУХАМБЕТ

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар