Жаймашуақ жаздың бірінші күнінде бүкіл әлем балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бастауын өткен ғасырдың елуінші жылдарынан алатын мерекеге Қызылжар өңірі де  биыл да үн қосты. Бүгін «Батыр» бөбекжай-балабақшасының тәлімгерлері мен ата-аналары «Бала шаттығы бәрінен жоғары» деп аталатын іс-шара ұйымдастырып, флешмоб биледі.

Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке қаламыздың балабақшаларында да аталып өтті. «Батыр» бөбекжай балабақша ауласы әдемі жалаушалармен безендіріліп, барлық топ балалары аулаға жиналды. Балабақша меңгерушісі Күлшара Касенова балаларды мерекелерімен құттықтап, әдіскерлермен бірге қосылып флешмоб билеп, балалардың жүзіне күлкі силады.

АЖАР ТЕМІРБОЛОВА, «БАТЫР» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен барша балаларды құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас өскелең аман болсын.Еліміз тыныш болсын деймін. Бүгін «Батыр» бөбекжай балабақшасында үлкен балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылып отыр. Және де осы шараға ата-аналарда ат салысады. Бөбекжай бақшамызда 302 бала тәрбиленеді.

КУЛЬШАРА КАСЕНОВА, ЗАВЕДУЮЩАЯ

Балабақша баланы болашаққа бастайтын алғашқы баспалдақ. Отанды, отбасын сүюді, қоршаған ортаны қорғауды үйрететін ең алғашқы өмір мектебі осы жер. Мұнда өткен әрбір сәт бүлдіршін санасында сақталып қалары анық.

1 маусым-балалардықорғау мерекесімен құттықтаймын. Әрқашан аспанымыз ашық болсын. Денміміз сау болсын. Отанымыздың мақтанышы болайық.

- Бүгін мерекесімен балаларды құттықтаймын. Денсаулық болсын. Мамасы папасы жанында болсын, тыңдасын, ауырмасын, сүйкімді болсын.

Мереке соңында балалар балабақша ауласында түрлі-түсті борлармен сурет салып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.

Арайлым  ӘЛІБИҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, балаларды қорғау күні