Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы өз тыңдармандарымен қайта қауышты. Әртістер мәжбүрлі үзілістен кейін қала тұрғындары және қонақтарымен алғашқы кездесуді ерекше ықыласпен күтті. Солтүстікқазақстандықтарға филармонияның шығармашылық ұжымы қандай концерттік бағдарлама ұсынды? Келесі сюжетте.
Концерт санитарлық талаптарды қатаң сақтай отыра ұйымдастырылды. Көрермендердің кіре берісте дене қызуы өлшеніп, залға қолдарын антисептиктермен өңдеп барып қана кірді. Филармония әртістері карантин басталғалы тыңдаушыларынан қол үзбей, онлайн концерттер беріп келді.
МИХАИЛ ЛАХТИН, "МӘҢГІЛІК" БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
- «Бүгінгі біздің мақсатымыз - осы қиын уақытта көрермендеріміздің көңілін көтеру, жерлестерімізді қолдау. Біз осылайша ұзақ уақыттан кейін залға көрермен жинап концерт беріп жатқан бірінші ұжымбыз. Концерт керемет өтеді деген ойдамыз.»
Залға жиналған көрерменге түрлі ұлттардың халық билері және күз тақырыбындағы композициялары ұсынылды. Филармония солистері әннен шашу шашты.
- Облыстық филармониядағы әртістерімізді жақсы көремін. Өте талантты. Және олардың әр концертіне қуана барамын.
- Маған өте ұнады, өйткені ұзақ уақыт бойы концерттерге бара алмадық. Бұл концерт көңілден шықты, керемет демалыс болды. Әртістерімізге тек шығармашылық табыс тілеймін.
Қазан айында "Мәңгілік" би ансамблінің шығармашылығына 3 жыл толады. Өнер ұжымы өздерінің жеке шығармашылық концертін беруді жоспарлап отыр.
Дана ҚАЛИЕВА