Жаңа құжат қазақстандықтарға  БҰҰ мүше 193 елде көлік жүргізуіне құқық береді. Енді шет елге барып көлік тізгіндегіңіз келсе еш шектеу жоқ. Халықаралық көлік жүргізу куәлігі шетелде тұрақты мекендеген азаматтарға ғана емес, сондай-ақ, туристтік және іскерлік сапарға, ұзақ мерзімді іс-сапарлар мен саяхаттарға  қажет болуы ықтимал. Бірақ, ғаламтор желісінде «халықаралық жүргізушілер қауымдастығы» атты ұйым 26 мың теңгеге халықаралық  жүргізуші куәлігін дайындауға әзір. Алайда, Қазақстанда  жаңа үлгіде берілетін жүргізу куәлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясына сәйкестендірілген.

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында күніне 40-қа жуық көлік жүргізу куәлігі беріледі. Куәлікті жасауға 2 -сағат уақыт қажет. Жаңа үлгідегі құжат көп елдерде көлікті жүргізуге құқық береді, ал кіріктірілген чип жеке куәлік қызметін атқарады.

Қазіргі таңда солтүстікқазақстандықтар  халықаралық үлгідегі жүргізу куәлігін  небәрі 2 477 теңгеге ала алады.

 

Лаура ТӘЛІПОВА