Герольд Бельгердің туғанына 85 жыл толуына орай Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде іс-шара өтті.
Студенттер қаламгердің еңбектерінен үзінді оқып, арнайы дайындалған сахналық қойылым ұсынды. Осыдан үш жыл бұрын аталмыш білім ордасында Бельгерге арналған мұражай ашылды. Ол жерде жазушының өміріне қатысты құнды құжаттар сақталған. Қазақ әдебиетін неміс ұлтына танытқан тұлғаның 50-ден астам кітабы жарық көрген.
АЛЕКСАНДР МЕРК, ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Бүгін керемет жазушы, қазақ тілінің нағыз жанашыры, неміс ұлтының өкілі Г.Бельгердің туған күні. Мерекеге орай біздің колледж ұжымы осындай шара өткізуді жөн көрді. Г.Бельгер қазақ әдебиетін басқа елдерге насихаттап, шығармаларымызды орыс тіліне аударған қаламгер. Біз әрқашан бұл кісі туралы студенттерімізге айтып, сабақ барысында шығармаларымен таныстыруға тырысамыз. Колледжде мұражайын аштық.