Тоғыз жолдың торабында орналасқан Астана қаласында еліміздің әр түкпірінен келген азаматтар еңбек етуде. 20 жыл бұрын Астана болып әлемге танылған бас қалада Солтүстік Қазақстан облысының тумалары да елорданың, еліміздің дамуына үлесін қосып жүр. Мерейтой қарсаңында солардың бірқатарымен кездесіп қайттық.
Қызмет бабымен Елордаға ауысқан солтүстікқазақстандықтардың бірі Анархан Дүйсенова. Тайынша ауданындағы Талап ауылында дүниеге келген Анархан Қалиқызы еңбек жолын денсаулық сақтау саласынан бастайды. Астана қаласына келмес бұрын облыс әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Ал Елордаға ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болып ауысқан еді.
АНАРХАН ДҮЙСЕНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Сарыарқа төсінде көсіліп жатқан қалада өз армандарын жүзеге асырамын деп келген жерлестеріміздің бірі - Серік Жарасбаев. 2006 жылы Петропавлдағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәмәмдаған ол, алғаш рет Елордаға 2011 жылы дәл қысқы Азия ойындары кезінде келеді. Алғашқы сыналған сәтім сол болатын деп еске алады Серік Маратұлы.
СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жас қаланың берері мол. Әсіресе, шығармашылыққа берілген жандар үшін Елорда шабыт береді. Ондағы қарбалас өмір, жаңалықтар ағымы әсіресе тілшілердің қызметін қыздыра түседі. Астана адамға тың күш-қуат , энергия беретіндей дейді бір кездері Солтүстік Қазақстандағы облыстық арнада тілші болған Руслан Оспанов.
РУСЛАН ОСПАНОВ, "ХАБАР" АГЕНТТІГІ" АҚ ЖАҢАЛЫҚТАР БӨЛІМІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ
Ал, Парламент мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман бас қаламызды болашақты шаһары дегенге тоқталды. Әр өзгеріске, әр оқиғаға саяси тұрғыда баға беретін халық қалаулысы Астана қазақ елінің рухани қазынасы. Ол мәдениеттің, білім мен ғылымның ордасы дейді.
КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Астана қаласы 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атанды.Астана- сәулеті келіскен алып шаһар. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Елорда армандар орындалып, мақсаттар жүзеге асатын, бақыт мекені.
Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ
Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар