23 маусымда еліміздің мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар, кәсіби мерекелерін тойлайды. Осының қарсаңында облыста салтанатты  жиын өтті. Еңбегіне адал, өз саласының үздігі атанған бірқатар қызметкерлер алғыс хат, құрмет грамоталарын алды. Сонымен «үздік мемлекеттік қызметкер» байқауына қатысқан мамандардың ата-аналары да марапатқа ие болды.

Елімізде биыл мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Ал мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі бесінші жыл қатарынан аталып кетеді.  Бүгінгі салтанатты жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, елге адал еңбек ете білу  аталмыш сала маманына қойылатын басты талаптардың бірі деді.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Дамыған мемлекет - тиімді, нәтижелі мемлекеттік қызметтің негізінде құрылады. Бүгінде Елбасының «100 нақты қадам: Ұлт жоспраының» аясында  кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы тапсырмасы жүзеге асырылуда. Күшті, заманауи, сапалы мемлекеттік қызметтің елдің әлемуеттік-экномикалық дамуына қосар үлесі ерекше. Мемлекеттік қызметкер мемлеккеттің бейнесін халыққа деген қамқорлығын жеткізетін адам. Сондықтан бұл бағытты қамтыған әр маманға үлкен талаптар мен міндеттер қойылып отыр

Мемлекеттік қызметші болу – ол аянбай еңбек етіп, халық мүддесін қорғау, елдің дамуына септесу. Өздерінің еңбек жолын осы салада бастаған мамандардың  бірқатары респбуликалық үздік мемлекеттік қызметкер байқауына қатысты. Азат Мұхамедияров пен Арман Дүйсенбинов облыстық кезеңнен сүрінбей өтіп, біздің өңірдің намысын ел көлемінде  қорғады. Жас қызметкерлердің  ата-аналары да марапатқа ие болды. 

АРМАН ДҮЙСЕНБИНОВАҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ  ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕ БАСШЫСЫ:

- Мемлекеттік қызметші алдымен өз халқына адал болу керек. Мемлекеттің мүддесін қорғау керек. Өз жұмысын тиімді атқарып, мемлекетке және қоғамға пайдалы болу керек. Ең бастысы бізде әдеп кодексі бар. Әдепті болуымыз керек.

ҚАЗБЕК МҰХАМЕДИЯРОВА.МҰХАМЕДИЯРОВТЫҢ ӘКЕСІ:

- Мемлекеттік қызметкер болғаннан кейін, жұмысы өте ауыр ғой. Ерте кетеді, кеш келеді.  Соның бәріне төзіп келе жатыр. Алдағы ағаларының жолдарын беріп, жұмысы жемісті болып, алға баса берсін. Мемлекеттік қызмет істегеніне  5ші жыл. Басында городской акиматта істеген, қазір областной акиматқа ауысып. Екі конурста ек іжыл бойы бірінші орын алды. 

Салтанатты жиын барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінң төрағасы Алик Шпекбаевтан да  алғыс хат алғандар болды. 2000 жылдары жеке кәсіпкерліктен мемлекеттік қызметке ауысқан Аман Төрегелдин бүгінде  облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы. Ол Агенттің төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

АМАН ТӨРЕГЕЛДИН, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

-  Мемлекеттік қызметке 2000 жылы келгенмін.  Халыққа адал жұмыс істеу керек қой. Халық нақты бағасын беріп, қандай сұрақтармен келгенде сол кісілердің сұрақтарының шешімін тауып, сол кісілерге көмек көррсету керек.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшінің мәртебесі биік. Үкімет тарапынна  қолдау да, жеңілдіктер де бар. Тек жұмысыңа адал, антыңа берік болсаң болғаны. Үш солтүстікқазақстандық азамат осы күні мемлекеттік қызметке орналсауына орай ант қабылдады. Олар сынақтан өтіп, жұмысқа қабілетті екендіктерін дәлелдей алғандар.

Сонымен қатар, төл мерекелері қарсаңында ұйымдастырлған спартакиаданың нәтижесі де айтылды. Сонымен облыстық басқармалар арасында облыс әкімдігінің аппараты жеңіске жетсе, күш құрылымдары арасынан ішкі істер департаментінің қызметкерлері  мықтылық танытқан. Аудандар арасында Шал ақын ауданының қыз-жігіттері қызметте  ғана емес, спортқа да жақсы екендіктерін дәлелдеп бірінші орынды жеңіп алыпты.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, мемлекеттік қызметшілер күні