Петропавлда білім күніне орай ұйымдастырылған шаралардың соңы мерекелік концертпен аяқталды. Бұл жолы барша солтүстікқазақстандықтар мен қала қонақтары күннің суығына қарамастан орталық алаңға жиылып, Қазақстанның эстрада әншісі Нұрлан Абдуллиннің әндерін сүйсініп тыңдады. Сонымен қатар, бұл күні жергілікті өнерпаздар ашық аспан астында түрлі ойындар өткізіп, жиналған халықтың көңілін көтерді. Толығырақ әріптесім тарқатады.
Эстарада әншісін алаңға жиналған жұрт жылы қарсы алды. Өз кезегінде Нұрлан Абдуллин барша солтүстікқазақстандықтарды жаңа оқу жылымен құттықтап, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
НҰРЛАН АБДУЛЛИН, ӘНШІ:
- Қызылжар қаласы дейміз. Бүгін нан, тұз, дәм бұйырып, осында келіп жатқаныма өте қуаныштымын. Осыншама халық мына алаңда жиналып, керемет әсер жақсы бір кездесу концерт болып жатыр. Балаларыңыз аман болсын, оқу жылы сәтті болсын.
Нұрлан Абдулиннің әнін тамашалуға қала тұрғындары асыға күткен. Тіпті концерт барысында көршілес Ресей еліне қарасты Түмен қаласынан арнайы келген меймандарымызда болды.
- Концерт жоғары деңгейде өтіп жатыр. Отбасымызға қатты ұнап жатыр. Ризамыз.
- Мереке құтты болсын. Мына Нұрлан ағаның концертіне келіп жеттік.Өте қуаныштымыз.
Шара соңында жиналған жұрт Нұрлан Абдуллинмен естелік суретке түсуге асықты.
Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ
Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар