Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезең. Ғылым мен білімге, еңбекке иек артатын дәуір келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы сұхбат беріп, қоғамның өзекті проблемаларына жауап берді. Президент еңбек адамдарына деген құрметті арттыру керек екеніне ерекше мән берді.
Дүниені дүрбелеңге түсіріп, жұртты үрей құшағында ұстаған індеттен құтылудың негізгі жолы – сақтық. Президент сұхбатында мұны тағы да еске салды. Сосын – бұл қиындықтың өтпелі, сынақтың уақытша екенін ұмытпаған жөн деді. Қоғамдағы басқа да салмақты проблемаларға жан-жақты жауап берген ол, әуелі, тіл мәселесіне тоқталды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Шындығында, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін. Бұған Украинаны мысалға келтірсек те жеткілікті деп ойлаймын. Мемлекеттік тілді дамыту ісінде қызбалыққа салынып, оның қолдану аясын күшпен кеңейтуге ұмтылудың кері әсері болары анық. Өйткені оның соңы ұлтаралық араздыққа дейін жетуі мүмкін.
Бірақ, бұл мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарды тоқтатып қою керек дегенді білдірмейді. Керісінше оны ың-шыңсыз, айғайламай, қызбалыққа салынбай, бірақ табанды түрде жалғастыра беру қажет, деді Президент. Оның негізгі жолын да ұсынып, 4 бағытты айқындап берді. /кесте/ Бірінші, мемлекеттік қызметке тағайындау кезінде кәсіби біліктілігінен бөлек, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық берілсін деді. Қазақтың тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауға шақырды. Тіл білуге талпынып жүргендерге көмек көрсетіліп, телевизиялық, радио хабарлардың сапасын арттыру қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы осы тұста отандық кинометографияның жұмысын сынға алды. Ұлттық идеологияға үлес қосуы тиіс киногерлерде ауызбіршілік жоқ екенін ашық айтты. Ал бізге қазір тарихи оқиғаларды дәріптейтін сапалы дүниелер керек-ақ. Жалпы, тіл мәселесін асығып-аптықпай, байыппен шешкен жөн. Өскелең ұрпақ қазақ тілімен қатар, орыс тілін де еркін меңгеру керек деді Президент.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Бұл – уақыт талабы. Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс. Орыс тілін де оқыту керек. Ал ағылшын тілін 5-6 сыныптардан бастап мектеп бағдарламасына енгізген абзал.
- Сұрайтын уақыт келді. Біздің мем қызметкерлер халқына төмен түсуі керек. Халқының тілін білмей, халықты басқаруға болмайды. Президент өте көрегендікпен Өзбекстанды мысалға келтіріпті. Қазақ тілінің мәртебелі биігіне көтеретін уақыт келді. Өзбекстанда неге орыс тілінде жазса да неге жұрттар өкпелемейді. Өйткені, халықпен жиналысын өзбекстанның шенеуніктері өзбек тілінде сөйлейді. Ал біздің шенеункітердің 10-1 сөйлесе сөйлемейді. Ал олар біздің президент Қ.Кемелұлынан үлгісі алса болады.
Өркениетті қадамдардың нәтижесінде ғана қазақ тілі ғылымға айналады. Ал қазір - ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Өкінішке қарай, кейбір жағдайда біздің еңбекке байланысты қарым-қатынасымызға сыни көзқараспен қарайтындар аз емес. Бұл жағдай менің көңіліме қаяу салады. Біз қоғамның еңбеккерлерге деген көзқарасын түпкілікті өзгертуіміз керек. Әрбір еңбек құрметке лайық болуы қажет.
Президент еңбек адамдарына құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау керектігін ерекше екшеп айтты. Қоғамның құрметіне бөлену үшін лауазымды қызметте болу міндет емес. Еңбекке баулу идеологиясына қоғам болып үлес қосу керек. Әсіресе, ақын-жазушылардың насихаты маңызды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕ,В ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. ...сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!
ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ:
- Даңғазалықтан, артық шашылудан тыйылу керек екенін түсінсе, онда қазақ өздері де жиналықылыққа көшеді деп ойлаймын. Әрбір азамат саналы теңқұқылы азамат ретінде бұл маған қаншалықты пайда әкеледі, керісінше тойға шашқаннан гөрі балаларымның болашағына, еңбегіне, оқуына салсам деген дүние. Жалпы, дарақылықтан арылу деп түсіндім мен мұны.
Технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек екенін айтты.
- Әлем өзгерді, қоғам өзгерді. Негізі бүкіл әлем жаңа форматқа кіріп тұр. Соның ішінде біз қандай болуымыз керек. Ең бірінші еңбек адамы құрметке ие болуы керек. Ең қатты ұнағаны, Президент ашық айтты өз елінен басқа ешкімге қажет емес. Тек қана өзіміздің ұстанымымыз болуы керек. Тек қана өз мүддемізбен жүруіміз керек.
Қазір әлем тағы бір қауіпті шекте тұр. Қырғи-қабақ тараптар көп. Ірі державалар арасындағы текетірес күшейіп, қақтығыстар шиеленісе түсті. Осындай қиын кезеңде бізге тыныштық пен тұрақтылық қажет. Сондықтан, «митингшілдікте» абай болған жөн.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтыру керек. Мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзеткен жөн. Егер жұмыс осылай жүретін болса, сөзсіз әділдік орнайды. Мен мұны сайлау алдындағы бағдарламамда айтқан болатынмын. Сонда митингтің де қажеті болмай қалады.
Төрткүл дүние пандемия салдарымен күресіп жатыр. Осындай сын сағатта біздегі көзқарас заман талабына сай болуы тиіс. Жоғары заманауи технология, роботтар, жасанды интеллект дәуірінде ақыл-кеңес түсінігі ерекше маңызды болмақ.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Ащы да болса айтайын, біз – қазақтар, осынау алмағайып күрделі әлемде, түптеп келгенде, ешкімге соншалықты қажет емеспіз. Өз мемлекетімізге ғана қажетпіз. Осы бір қарапайым қағиданы ешқашан естен шығармауымыз қажет. Әлемдегі Қазақстанның жетістігін көре алмайтын, «мысықтілеу» саясаткерлер, тіпті мемлекеттер де бізден алыстап кеткен жоқ, маңайымыздан ұзамай, әр қадамымызды бағып отыр.
Елдің ертеңгі өркендеуі – біздің ғана қолда. Осылай деген Президент қателесуге құқымыздың жоқтығын ескертті. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр…