Облыста бір күнде алты алаяқтық фактісі тіркелді. Осыдан кейін  полицейлер мен еріктілер тұрғындарды интернет-алаяқтық қаупі туралы ескерту үшін қала көшелеріне шықты. Толығырақ облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметінің материалында.

Алаяқтар екі жағдайда "банктің қауіпсіздік қызметінен қоыңрау шалып тұрмыз деп алдаса, қалғандары тауарлар мен Қызметтерге алдын-ала төлеммен байланысты. Бүгінгі таңда көбіне интернет алаяқтар адамның жеке деректерін біліп алып, оның атына несие алуды сәнге айналдырған.

- Чтобы было понятней, вот, листовки напечатали, будем каждому, кто приходит, раздавать...

Профилактикалық жұмысты тәртіп сақшылары  халық көп жиналатын орындарында өткізді. Оларға  "Қамқор"еріктілер клубының мүшелері көмектесті.  

АНДРЕЙ АКОПЯН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау үшін ешбір жанға өзінің жеке ақпаратын, пин-кодтарын, банк карталарының cvv-кодтарын, шот нөмірлерін, әлеуметтік желілерден парольдерді хабарламау керектігін есте сақтау қажет. Әрі қарай, сайттардағы жарнамаларды тексеріңіз, кез келген жағдайда алдын-ала төлем жасамаңыз, банк карталары туралы мәліметтерді толтырмаңыз, тексерілетін тауардың егжей-тегжейлі бейне шолуын талап етіңіз

Алаяқтардың тағы бір айласы кез-келген сылтаумен белгілі бір қосымшаны жүктеуге кеңес береді. Бұл қаржылық операцияларды жасауға көмектеседі. Оларға бұл басқа пайдаланушыға біреудің компьютерін немесе смартфонын кіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамдар құрылғыларды қауіпті вирустармен жұқтыратын "фишингтік сілтемелер" арқылы ақпаратты біліп алуы әбден мүмкін.

АНДРЕЙ АКОПЯН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Олар осы қосымшаны жүктеуді сұрайды, содан кейін осы қосымшаға парольмен  кіріп қосылады және қолданушыға қол жетімділікті қамтамасыз етеді, осылайша олар ақша ұрлайды.

Қылмыскерлер қандай амалдарды ойлап тапса да, интернет қауіпсіздігінің негіздері өте қарапайым. Интернеттегі алаяқтардың қармақтарына түспеу үшін интернетті пайдалану сауаттылығын үйрену керек. Сондай-ақ, Интернетте және күнделікті өмірде бейтаныс адамдарға сенім артуға және жеке ақпаратпен бөлісуге ешқашан болмайды

Айгерім Сұлтанова