Солтүстік Қазақстан облысында 15 – 18 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» - атты республикалық акция өтті. Оның  аясында Полицейлер мен қоғам белсенділері  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараны жандандырды.

Бұл келіншектің жасы 24те.  Екі баланың анасы. Өмірдің қиын жағдайына тап болған   ол бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанадан уақытша пана тапты.

- Қиын жағдайға түстім. барар жерім болмады. Сол себепті  Орлова Алина Геннадьевнаның  көмегіне жүгіндім,   орталықтағылар  маған жәрдемдесіп, қолдау көрсетті

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана облысымызда  2017 жылы тамыз айында ашылған. Осы жылдар ішінде бұл жерден 70 жуық әйел мен 96 бала көмек пен қолдау тапты. Жұртшылық учаскелік полиция инспекторларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Атап айтқанда, көбіне әйелдер бұл орталықтың жұмысы туралы полицейлерден естиді. «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акция шеңберінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері баспанаға барды. Негізгі мақсат – баспана тұрғындарына ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айту.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Аталған акцияның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ана мен баланы қорғау және қоғамдағы отбасы ролін нығайту болып табылады. Құқық бұзушылардың тәртіптеріне ерекше талаптар белгіленді. Қорғаныш ұйғарымдары шығарылған тұлғаларға белгіленген шектеулерді сақтауына аса назар аударылды.

Биылғы жылдың басынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында бұзушылық жасағаны үшін СҚО-да 866 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 276 адам әкімшілік қамаққа алынды.