Полицейлер де дәрігерлер секілді коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандардың бірі. Облыста шектеу шаралары енгізіліп, 2 мыңнан аса полиция маманы бізбен сіздің қауіпсіздігіміз үшін қоғамдық орындар мен жолдарда тәртіпті қадағалады. Осы уақытқа дейін 299 полиция қызметкері вирус жұқтырған.
Бүгінгі таңда үш жүзден аса полиция сапында қызмет ететіндер өз еріктерімен екпе алуды жөн көрген. Тәртіп сақшылары қазақстандық Спутник Ви-Каз вакциасын аудандық орталық ауруханаларда және Петропавлдағы «Денсаулық» емдеу мекемесінде алып жатыр. Айта кету қажет, Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев науқан басталған кезде басқаларға үлгі көрсетіп ең бірінші болып вакцина алды.
АҚӘДІЛ ҚАНЫБЕК, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ЕМХАНА-ГОСПИТАЛЬДІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Коронавирус індетіне қарсы екпе егілуде. Денсаулық емханасында, қазіргі таңда 319 полиция қызметкері екпе алды. Екпе ерікті түрде жүргізіледі. /1,04/ бірінші кезеңі өтті, екнші кезеңі 21 күннен кейін егіледі. /1,16/ денсаулықтары жақсы, қатерлі белгілері жоқ.