Биыл жыл басында Қызылжар ауданы Знаменское ауылында Паллиативті медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Бұл мекемеде айықпас дертке шалдыққан науқастарға психологиялық және медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда мұнда 9 адам ем қабылдап жатыр. Осы орталықтың тыныс- тіршілігімен танысып қайтқан әріптесім жалғастырсын.
Александр Соснов бұл орталықта 8 ай бойы ем қабылдап жатыр. Ол мұнда өз еркімен Қызылжар ауданы Большая малышка ауылынын жеткізілді. Төсек тартып жатқан қарияға мұнда әрдайым медициналық көмек қолжетімді.
АЛЕКСАНДР СОСНОВ, НАУҚАС:
- Медициналық қызметкерлерге алғысым шексіз. Бізді мұнда күн ара жуындырады. Төрт рет тамақтандырады. Дәрігер тексеріп тұрады. Медбикелер әрдайым жанымыздан табылып жатады. Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін.
Паллиативті көмек көрсету орталығы Қызылжар ауданы Знаменское ауылында 2020 жылы онкологиялық ауруларды емдеу бойынша кешенді шаралар жүргізу мақсатында ашылған. Мұнда медициналық жәрдемнен басқа психологиялық көмек те көрсетіледі. Мекеме екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ерлер ал екінші қабатта әйелдер ем қабылдайды. Орталық науқастарға қажетті жабдықтармен қамтылған. Қазіргі таңда мұнда жағдайы ауыр 9 адам емделіп жатыр. Оларға терапевт дәрігер, 3 мейірбике және 9 санитар үш ауысымда күнделікті қызмет етеді.
АСЛАН ДЖАНАРАЛИЕВ, «ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
- Мекемемізде айықпас дертке шалдыққан ауыр жағдайдағы науқастар ем алады. Айталық қатерлі обырға шалдыққандар және тыныс алу, қан айналымы, ас қорыту, жүйке жүйесіндегі аурулардың асқынуларымен жатқандар. Орталық 25 адамға шақталған. 2021 жылы мейірбикелік күтім бойынша тағы 10 орын ашпақпыз.
Ауыр жағдайдағы науқастарды мұнда жатқызу үшін алдымен емханадан дәрігерден жолдама алу шарт. Бір айта кетерлігі мемеке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылады. Орталықта медициналық көмек тегін көрсетіледі.
ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, « ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ҰАҚ СҚОФ ХАЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІ :
- Тегін медициналдық көмек кепілденген көлем шеңберінде науқастарды мұнда тегін ресімдеуге болады. Поллиативті көмек орталығы әлуметтік медициналық сақтандыру қорының СҚО бойынша филиалының жеткізушісі. Қазіргі кезде солтүстікқазақстандықтардың 80 пайызы сақтандырылған. 15 пайызы жеңілдікті санатқа мемлекет төлейді. Сонда біздің халқымыздың солтүстікқазақстандықтардың 284 мың адамы жеңілдікті санатына енгізілген.
МӘМС жүйесіне жұмысшылардың ай сайынғы еңбекақысының бір пайызы жарна ретінде төленеді. Медициналық сақтандыру бойынша қымбат зерттеу диагностикалары жүргізіледі. Айталық егер сіз сақтандырылған болсаңыз онда ПТР тест, кт, мрт, узи және түрлі гармондарға, витаминдерге зертханалық зерттеулер тегін жүргізіледі. Сонымен қатар түрлі ауыр жағдайдағы аурулардан кейін оңалту шаралары да ақысыз болмақ. Сондай- ақ, нәрестелі бола алмай жүрген жұптарға экстрокорпоралды ұрықтандыу процесіне квота саны да артты.