Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары бойынша қорытынды жасап, қонақжайлық танытқан көршілес елге ризашылығын білдірді. ((КСМ:)) Ресми сапарым ойдағыдай, табысты өтті деп санаймын. Біз Төраға Си Цзиньпинмен мазмұнды әрі тиімді келіссөздер жүргіздік. Қос ел арасындағы қарым-қатынастың болашағы жарқын болатынына сенімдімін, – деді Президент. Сондай-ақ мемлекет басшысы рухани-мәдени байланысты нығайтуды көздейтінін айтты. Бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды. Ұлы дала мен Ұлы Қытай арасындағы рухани-мәдени байланыс ешқашан үзілген емес. Мұнда халқымыздың бай мұрасы мен салт-дәстүрі насихатталып, екі ел жастары білім мен идея алмасу алаңына ие болады, – деді Мемлекет басшысы.