Еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Биыл облыс бойынша 6 мыңнан астам бала мектеп табалдырын алғаш аттады. Петропавлдағы Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биыл облыста жалпы 74 мыңға жуық оқушы білім алады. Балалардың жақсы білім алуы үшінде бүгінде бар жағдай жасалып жатыр. Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қазіргі заман талабына сай алғашқы оқу ордасы. Оның негізі 1996 жылы қаланған. Мектеп ауласында ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар бас қосты. Биылғы оқу жылы бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше есте қалады. 1-сыныпқа 24 оқушыдан үш сынып ашылып, оларға алғашқы қоңырау соғылды. Айтулы күнмен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов құттықтады

СНХ:ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Мектеп басшылығы жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттерді атап өтіп, ұстаздар қауымы шәкірттерге табыс тіледі. Ал ата-аналар бүлдіршіндерінің алғашқы қадамдарына сәттілік тіліеп, мектеп ұжымына алғыс білдірді.

СНХ:Ата-аналар



Алғашқы қоңырау салтанатында оқушылар ән шырқап, өлеңдер оқыды. Салтанатты жиын аяқталған соң көптен күткен алғашқы қоңырау соғылып сынып сағаттары өтті. Биыл мектеп табалдырығын аттағандардың қатарында Гүлсезім Оралхан да бар.

СНХ:ГҮЛСЕЗІМ ОРАЛХАН, С. ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ 1-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


Гимназияда жоғары кәсіби мұғалімдер жұмыс істейді. Оқу ордасына 2015 жылы ҚР халық жазушысы Сафуан Шәймерденовтың есімі берілді. Қазір гимназияда 482 оқушы білім алып жатыр. Сондай ақ даярлық тобының 20 оқушысы бар.

СНХ:НҰРГҮЛ АЛПЫСБАЕВА, С. ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


Жаңа оқу жылында балалар үшін барлық жағдай жасалып, оқу бағдарламасына заманауи әдістемелер енгізілуде. 1-ші қыркүйек – жас ұрпаққа білім мен тәрбиенің бастауын сыйлайтын айтулы күн болып қала бермек.