Солтүстік Қазақстанда машина жасау саласы жаңа қарқын алып келеді. Жуырда «ЗИКСТО» серіктестігінің бесінші зауыты іске қосылмақ. Құны 24 миллиард теңге болатын ауқымды жоба аймақтағы өндіріс әлеуетін арттырып қана қоймай, жүздеген адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Бұл - "ЗИКСТО" ЖШС-нің жаңа зауыты. Нысанның аумағы 12 мың шаршы метрді құрайды. Құны 24 млрд теңгені құрайтын кешенде жолаушы және жүк тасымалдаушы вагондар мен тіркемелер шығарылады. Мұндағы өнім заманауи үлгіде, дені автоматтандырылған.
КСМНысан толығымен қолданысқа осы айдың ішінде беріледі. Ал қазіргі уақытта жүк тасымалына арналған тіркемелерді жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін, толығымен іске қосылған соң 950 адамды еңбекпен қамту көзделген. Зауыт тәулік бойы жұмыс істемек. Шығарылатын өнім елдегі жолаушы және жүк тасымалдауда қолданылады. Бұл өндіріс орны - "ЗИКСТО" серіктестігінің 5-ші зауыты болмақ.
СНХ:ДАНИС АРАСЛАНОВ, "ЗИКСТО" ЖШС атқарушы директоры
Жаңа нысан жұмысын бастасымен жылына 3 мың жүк тасымалдаушы, 500-ге жуық жолаушы вагоны және 6 мың дөңгелек жинағы шығарылады.