«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, ашық аспан астында тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара аясында азаматтар әртүрлі құқық салалары бойынша – қылмыстық, азаматтық істер, тұрғын үй, еңбек, жер, зейнетақы заңнамасы және тағы да басқа бағыттарда түсіндірмелік сипаттағы жауаптар алды.
СНХ:ЕРҰЛАН БИМЕНДИН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ
Сондай-ақ қаламыздың кішкентай тұрғындары да назардан тыс қалмаған. Көше бойымен өтіп бара жатқан әр балаға қатысуға мүмкіндік берілді. Бүлдіршіндер конституцияға, патриотизмге байланысты суреттер салып, оларға тәтті сыйлықтар таратылды.
СНХ:ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА “JE SKO” ШТАБЫ ҚБ ТӨРАЙЫМЫ
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.