Нұрлан Кеңесов СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміне сәйкес, Нұрлан Кеңесов СҚО әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.
На фото ЗКТ: Ол - «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Еңбек жолында түрлі мемлекеттік органдар мен министрліктерде жауапты қызметтер атқарған. Оның ішінде Тимирязев ауданының әкімі, бірқатар министрліктерде департамент директоры, кеңесші, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары болған. Жаңа қызметінде Нұрлан Маратұлы құрылыс, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автожолдар және сәулет салаларына жетекшілік етеді. Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінде инспектор қызметін атқарған.