Тайынша ауданында 300-ден астам ауыл шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді. Биылғы жылы егістік көлемі 600 мың гектарды құрады. оның 400 мың гектары дәнді дақылдар алқабы. Ауданда өсімдік және мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Қазіргі уақытта шаруашылықтар егін жинау науқанына кірісті.
«Племзавод» Алабота» серіктестігі - Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, ірі қара мал өсіріледі. Кәсіпорында 15 мал шаруашылығы базасы жұмыс істейді. 4 мыңнан аса ірі қара бар.
СНХ:АБЫЛАЙ БІТТІҒҰЛОВ, «ALABOTA GCK» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Кәсіпорын Қазақстанның дәнді дақылдар консорциумының құрамына кіреді. Жалпы егіс алқабы – 23 мың гектар. Мұнда бидай, жасымық, зығыр, бұршақ пен дәнді қоспалар өсіріледі. Егістік басында еңбек етіп жүрген мамандарға жағдай жасалған.
СНХ:АЙТБЕК ҚҰСАЙЫНОВ, МЕХАНИЗАТОР
«Астык-STEM» ЖШС-нің егістік жері 18 мың гектарды құрайды. Мұнда жүгері, бидай, арпа мен жасымық өсіріледі. Ауыл шаруашылығы құрылымы көкөніс өсірумен де айналысады. Көкөністерге арналған алқап көлемі 400 гектар. Ал, сәбіз шамамен 40 гектар алқапқа егілген. Өнімнің бір бөлігі шаруашылықта қалады, ал қалғаны халықтың қажеттілігіне жұмсалады. Алдыңғы қатарлы технологиялар қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, заман талабына сай еңбек етуге мүмкіндік береді.
СНХ:СЕРГЕЙ ЗВОЛЬСКИЙ, «АСТЫК-STEM» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Айта кетейік, қазіргі таңда егін алқаптарында жұмыс қызу жүріп жатыр. Диқандардың басты міндеті өнімді шашау шығармай жинап алу.