20 шілдеге дейін еліміздің талапкерлері жалпы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарын тапсырады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Kozybayev University қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 154 мыңға жуық талапкер қатысты. Оның ішінде шекті балды 67% еңсерді.Орташа балл 66 % құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3-ке аз. Түлектердің 76% қазақ тілінде және 24% орыс тілінде тест тапсырды. Айта кету керек,тестілеу кезінде қандай да бір бұзушылықтар анықталса, тестілеу нәтижелері жылдың соңына дейін жойылады. Нәтижесінде 139 ұпай алған кейбір түлектердің нәтижелері жойылған.
РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Біз соңғы екі жылда ҰБТ өткізу кезінде Академиялық адалдық пен ашықтыққа ерекше мән береміз. Биыл бізде ҰБТ "бір компьютер - екі камера - бір тестіленуші"қағидаты бойынша өтті. Биылғы жылы негізгі камераға екінші камера қосылғанын атап өткен жөн.70 мыңнан астам талапкер жалпы білім беру грантына өтініш берген.Білім беру бағдарламаларының танымал топтарының бірі педагогикалық мамандықтар.Оның ішінде техникалық мамандықтар, дәлірек айтқанда, инженерлік, сондай – ақ ақпараттық технологиялар жатады.