Жаңа оқу жылынан бастап М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Аризона университетімен бірлесіп маман даярлай бастайды. Оған 500 грант бөлінген. Құжаттарды қабылдау шілденің 13-і күні басталды. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды.
Жаңа оқу жылынан бастап М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Аризона университетімен бірлесіп маман даярлауға көшеді. Келіссөздер бір жылға жуық уақыт жүргізіліп, сәтті аяқталды. Енді студенттер қазақстандық және американдық диплом алып шыға алады. Бүгінде құжаттарды тапсыру жүйесі жеңілдетілген. Ол онлайн және оффлайн форматта өткізіліп жатыр.
Гүлмира Оспанова, Қабылдау департаментінің директоры:
- «400 адам құжаттарды берді. Аризона бойынша бізге 1 адам қазіргі уақытта құжатын әкеп берді. айта кетейін, қазір бізде виртуалды приемный комиссия болып жатыр бізде. Сол бойынша тағы бір адам құжаттарды әкеп беріп жатыр. Біздің қазақстандық направлениені алатын болсақ, 400 адам бізге қазіргі уақытта беріп жатыр құжаттар.»
Сапалы білім алу үшін өңірден кетудің қажеті жоқ. Аризона универсиеті әлемдегі 150, Америкадағы ең үздік деген 40 университеттің қатарына кіреді. Енді жаңа оқу жылынан бастап агротехнологиялық және инженерлік бағыттарға басты назар аударылады. Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы, агрономия, қолтаңбалы биотехнология және тамақ өнімдерін өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Салазар Рикки, Аризона университетінің стратегиялық бастамаларының директоры:
- «Талапкер оқудың бірінші күнінен бастап автоматты түрде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан және Аризона университеттерінің студенті атанады. Яғни, оған АҚШ-қа барып оқудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, білім алушыларға соңғы семестрде Аризона универсиетінде тегін оқу мүмкіндігі қарастырылады.»
Айта кетейік, құжаттарды қабылдау шілденің 20-сына дейін жалғасады.
Нұрбол Балғабеков