Кеше ғана өңірде «Әлем. 21 ғасыр» атты Елбасының манифестін қолдау мақсатында «Ақ орамал» акциясы бастау алды. Петропавлда бұл шараны облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясы ұйымдастырып отыр. Бүгін қалада «рухани бейбітшілік пен келісім жолы» атты жиын өтті. Оған облыстағы діни конфессиялардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды.
Акцияның «Ақ орамал» деп аталуы да кездейсоқ емес. Қазақ халқында ақ деген түс – пәктік пен бейбітшілік символы болып табылады. Сондықтан да, игі-іс шараға осындай атау берілді. Облыстың ақ жаулықты аналары Елбасы жариялаған манифесті қолдап отыр. Олардың айтуынша, көптеген әлем елдерінде діни шиеленістер мен қақтығыстар орын алып жатыр. Салдарынан мыңдаған жазықсыз адам қаза табуда. Мұны тоқтату үшін шаралар қолдану қажет. Аналар бейбітшілік манифесті айтарлықтай көмегін тигізе алатынына сенімді.
Айта кеткен жөн, аналар кеңесі «Ақ орамал» акциясын облыстың әр ауданында өткізуді жолспарлап отыр. Негізгі мақсаты қода бар бейбіт өмірді сақтап қалу және жастарға үндеу салу. Республикалық шара жылдың соңына дейін жалғаспақ.
Аманжол НҰРТАЗИН