Жаңа 2018-2019 оқу жылында облыс оқушылары оқулықсыз қалулары мүмкін. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында белгілі болды. Өңірдің бірқатар аудандарында кітапқа миллиондап ақша жетпей жатыр. Егер де аудан басшылары бірер аптада қаржы бөлмесе, балалар жаңа кітапсыз қалады деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлмира Райымбекқызы.

2018-2019 оқу жыллы басталмаса да, педагогтар оқулық жетпей қалуы мүмкін деп дабыл қағуда. Оған себеп аудандар бөлген  ақшаның аздығы. Қазірдің өзінде бірнеше ауданға қосымша 10 миллиондаған теңге керек. Ал, оқулықтарға тапсырысты бірер аптада беру шарт болып тұр.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА,  СҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Біз бір жерден ғана оқулықтарды алу үшін келісімге отырып, тапсырыс беруіміз керек. Бұл ұзақ үрдіс. Және ол бір рет қана жүргізіледі. Кітаптарды жеткізу үшін 2-3 ай уақыт кетеді. Тамыз айының 25-сінде кітаптар оқушылардың қолдарында болуы керек. Біз аз уақыттың ішінде тапсырыс жасамасақ, кітаптарды алып үлгермейміз. Әрі жаңа оқу бағдарламасынан шығарылатын оқулықтар саны шамалы, сондықтан оларды дүкендерден сатып ала алмаймыз.

Аудандар бойынша айтар болсақ, оқулық алу үшін Мағжан Жұмабаев ауданына 10 млн, Уәлиханов 16 млн, Шал ақын 7 млн, Айыртау ауданына 10 млн, Қызылжар ауданы 14 млн Ғ.Мүсірепов ауданына 12 млн  теңге жетпейді. Облыс әкімінің «1 қыркүйекте оқушыларды оқулықсыз қалдыратын болдық па?» деген сұрағына аудан әкімдері қайткен күнде де кітаптарға  қаражат тауып береміз деді.

Облыс басшысы аудан жетекшілеріне бұл мәселені тез арада шешуді талап етті. Әйтпегенде, облыстың бас педагогы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, күзде жағдай  ушығып кетуі мүмкін деді.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, оқулықтар, білім беру