Сайлау учаскелері жабылды
Мәслихат депутаттарының сайлауы аяқталды. Қазақстан бойынша сағат 20:00-де барлық сайлау учаскесі өз жұмысын тоқтатты. Петропавл қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінің жабылуна түсірілім тобымыз да барып қайтты.
Петропавл қаласындағы №594 сайлау учаскесінде 1773 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру күні тұрғындар белсенділік танытты. Алғаш рет сайлау құқығын пайдаланған тоғыз азаматқа ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, 101 жастағы әжей де учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. Сағат 20:00-де дауыс беру аяқталған соң, комиссия мүшелері пайдаланылмаған бюллетеньдерді жарамсыз деп танып, дауыстарды санауға кірісті. Санақ партиялық тізімдер, сондай-ақ қалалық және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша жүргізілді. Қорытындысы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, құжаттар белгіленген тәртіппен тапсырылды.
МАНАР ӘБІЛОВА, №594 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ