Қала тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда
Қала тұрғындары мәслихат депутаттарын сайлау науқанында өз таңдауларын жасауда. Дауыс берушілер қатарында алғаш рет бюллетень алып отырған жастармен бірге аға буын өкілдері де бар. Сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі комиссия мүшелері мен байқаушылардың қадағалауымен өтіп жатыр. Әріптесім Алтынай Қазиқан №577-сайлау учаскесіндегі жұмыс барысы жайлы баяндайды.
СТЕНДАП: АЛТЫНАЙ ҚАЗИҚАН – ТІЛШІ
Біз қазір 577-сайлау учаскесіндеміз. Бұл жерде 1500-ден астам тұрғын өз таңдауын жасауы тиіс. Олардың ішінде 5 адам сайлауға алғаш рет қатысады.
Дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Байқаушылардың айтуынша, сайлау процесі белгіленген тәртіпке сай өтіп жатыр. Учаскеде екі байқаушы бар. Ал тұрғындарға облыстық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлау, сондай-ақ партиялық тізім бойынша дауыс беруге арналған үш түрлі бюллетень ұсынылады.
СНХ: КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА – №577 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Күннің суығына қарамастан, қала тұрғындары таң сәріден бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – Бақытжамал Болатбекова. Зейнеткер дауыс беру учаскесіне жолдасымен бірге келіп, азаматтық таңдауын жасады. Сөзінше, қоғамдық-саяси науқандардан шет қалмай, маңызды іс-шараларға үнемі қатысуға тырысады.
СНХ: БАКЫТЖАМАЛ БОЛАТБЕКОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Сайлау учаскесіне дауыс беруге келгендердің бірі – 64 жастағы Владимир Колесников. Зейнеткер үшін бүгінгі күн – ел өміріндегі маңызды науқанға қатысып, өз таңдауын білдіруге берілген мүмкіндік.
СНХ: ВЛАДИМИР КОЛЕСНИКОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мәслихат депутаттарын таңдау – өңірдің ертеңіне ықпал ететін маңызды қадам. Себебі бүгінгі дауыс –еліміздің алдағы даму бағытын айқындауға берілген мүмкіндік.