Негізгі Жаңалықтар СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов дауыс берді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов дауыс берді

Бүгін өңір тұрғындары маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те Петропавлдағы №595 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

№595 сайлау учаскесіне облыс орталығының Абай, Тоқсан би, Астана және Интернационал көшелерінде тұратын адамдар тіркелген. Комиссия өкілдері өздеріне жүктелген міндетті орындады. Бұған дейін үйлерді аралады, халықты дауыс беруге шақырды. Жауапкершілікті түсінген сайлаушылардың алды алғашқы минуттардан бюллетеньде белгі қалдырып, жәшікке тастауда.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, №595 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Сағат тілі 9-ға таяған шақта учаскеге Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов келді. Кезекке тұрып, бюллетень алды. Осылайша аймақ басшысы еліміздің, өңіріміздің дамуына белсенді үлес қосар халық қалаулыларын таңдауға ерте қатысқандардың бірі болды.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, №595 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Дәстүр жалғасын тапты. Учаскеге келіп, алғаш дауыс берушілерге естелік сыйлық табысталды.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

Бөлісу