Негізгі Жаңалықтар 102 жастағы тыл еңбеккері де өз таңдауын жасады

102 жастағы тыл еңбеккері де өз таңдауын жасады

Бүгінгі мәслихат депутаттарының сайлауында әр азаматтың дауысы маңызды. Өз таңдауын жасағандардың қатарында 102 жастағы тыл еңбеккері Ольга Ершова да бар. Қарияның дауыс беруіне мүмкіндік жасау үшін сайлау комиссиясының өкілдері арнайы үйіне барды. Ғасырдан астам тарихтың куәсі болған зейнеткер депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен де танысып үлгерген.

Ольга Ершова – бір ғасырдан астам уақыттың куәсі болған, талай тарихи кезеңді бастан өткерген жан. 102 жасында да ел өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмай, азаматтық ұстанымын танытып келеді. Бүгінгі таңдауы – соның айқын дәлелі. Қарияның өмір жолы – төзім мен қайсарлықтың үлгісі. Сайлау комиссиясының өкілдері де әжейге ізгі тілектерін жеткізді.

Ваш почетный возраст символ мудрости, стойкости и духа. Желаем Вам крепкого здоровья, душевного тепла.

Ғасыр куәгері елдің қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласқан. Бұрын депутаттық қызмет атқарып, халықтың талап-тілегін мінберден жеткізуге мүмкіндік алған. Сондықтан бүгінгі сайлаудан да күтері мол, жаңа құрамға артқан сенімі зор.

СНХ: ОЛЬГА ЕРШОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Сайлау комиссиясының мүшелері Ольга Николаевнаға арнайы сыйлықтарын табыстады. Айта кетейік, қария тіркелген №595 сайлау учаскесінде барлығы 1240 сайлаушы бар. Оның ішінде сегіз азамат өз таңдауын үйден жасайды.

Бөлісу