Негізгі Жаңалықтар Қаражұмановтар әулеті мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты

Қаражұмановтар әулеті мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты

Өңір шаруалары мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді қатысып жатыр. Бұл маңызды саяси науқаннан «Қазақстанның Еңбек Ері» Мұрат Қаражұманов та шет қалмады. Ол азаматтық таңдауын жасауға отбасымен бірге келді. 

Қаражұмановтар әулетінің ауыл шаруашылығына адал қызмет етіп келе жатқанына бірнеше ұрпақ куә. Әулеттің жалпы еңбек өтілі шамамен 600 жылды құрайды. Олар кәсіби дәстүрді берік ұстанып, жастары аға буынның жолын жалғастырып келеді. Отбасының үлкені Мұрат Қаражұманов та сайлауға қатысып, жас ұрпаққа үлгі көрсетті.

ТИТР: МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ – МЕХАНИЗАТОР, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» 

№353 сайлау учаскесінде дауыс беруге әр жастағы тұрғындар қатысып жатқаны атап өтілді. Комиссия мүшелерінің айтуынша, ауыл халқы маңызды науқанға таңертеңнен бастап белсенді қатысып жатыр.

ТИТР: ЖАРҚЫН КЕНЖЕТАЕВ – №353 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Учаскеде алғаш рет дауыс беріп жатқан жастарға да ерекше көңіл бөлінеді. Бексейіт ауылында мұндай сайлаушылардың саны – екеу. Солардың бірі – 18 жастағы Ерасыл Сейтаев. Жас жігіт үшін бұл – сайлауға алғаш қатысу мүмкіндігі. Осылайша ол ел өміріндегі маңызды науқанға өз үлесін қосты.

ТИТР: ЕРАСЫЛ СЕЙТАЕВ – МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мамлют ауданында барлығы 26 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар өз таңдауларын кешкі сағат сегізге дейін жасай алады.

Бөлісу